ЖАҢА ТҰРАҚТЫ САЯСАТТЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕСТЕР

20Нау, 2023
2023 жылдың 14-15 наурызында Білім және ғылыми қызмет жөніндегі проректор А.А.Кауышева және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры А.Н. Қасымбекова коворкинг орталығында университеттің кафедралары мен департаменттердің қызметкерлерімен ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің семинарларында жоғары оқу орындарының басшы құрамына айтылған «таза парақтан» атты жаңа тұрақты саясатты түсіндіру бойынша семинар-кеңестерін ұйымдастырып, өткізді. Университет қызметкерлері «таза парақтан» Жаңа реттеу саясатының тұжырымдамасы, академиялық саясатқа қойылатын талаптар, ЖОО қызметінің үлгілік қағидалары, білім беру процесінің сапасын ішкі қамтамасыз етуді енгізу және қолдау қажеттілігі және т.б. өзекті мәселелерімен танысты.