ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: “ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ”

2023 жылдың 16 наурызында ҚМУ «ҚДСЖМ» коворкинг орталығында “Медицина – профилактикалық іс” білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс магистранттары “Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасымен бірлесіп, м.ғ.к., аға оқытушы М.З. Сәрсенбаеваның жетекшілігімен “Қазақстан қалаларының қоршаған ортасының жай-күйі”тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігі және өткізілу мақсаты жайлы алғашқы сөзді «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының м. ғ. к., аға оқытушысы М. З. Сәрсенбаева сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында Алпысбаева Ақбота қатысушыларға Батыс Қазақстанның экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаға зияндылығы жайлы айтып берді. Бақытжанқызы Ақерке Атырау облысындағы өзекті экологиялық мәселелер туралы баяндама жасады. Тұрлықожа Тоқжан Қашаған туралы баяндама жасады. Раушан Айбек қатысушыларға Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы айтып берді.
Бұдан әрі қатысушылар Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелерін, оны шешу жолдарын, халықпен әлеуметтік жұмысты, осындай мәселелерді шешуге бағытталған әлем елдерінің қабылданған стратегиялары белсенді талқылады.
Бірнеше интерактивті ойындар өткізілді (викторина, kahoot. ойын дейін және кейін) және дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларынан кері байланыс алынды, бұл белсенді қызығушылық пен қызу жемісті пікірталас тудырды.
Іс-шараға университет білім алушылары, “Қоғамдық денсаулық сақтау” 1 курс магистранттары және “Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар”кафедрасының ПОҚ қатысты.
Белсенді талқылаудан және сұрақтарға жауаптардан кейін қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты әрі мазмұнды сөз сөйлегендері үшін алғыстарын білдірді.