2023 жылдың 14 наурызында «ҚДСЖМ» ҚМУ коворкинг орталығында «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс докторанттары «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасымен бірлесіп, кафедра профессоры Т.В. Попованың жетекшілігімен «Медициналық-әлеуметтік көмектің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Құттықтау сөзімен «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, профессор Рысқұлова А.Р. сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында модератор Серікқызы Лаура қатысушыларға медициналық-әлеуметтік көмек ұғымы туралы айтып берді. Абдуллаева Феруза халыққа медициналық-әлеуметтік көмектің өзекті мәселелері туралы баяндама жасады.
Бұдан әрі қатысушылар медициналық-әлеуметтік көмек, оның негізгі бағыттары, көпсалалы командалар, халықпен әлеуметтік жұмыс мәселелерін белсенді талқылады.
Интерактивті викторина өткізілді және дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларынан кері байланыс алынды, бұл белсенді қызығушылық пен қызу жемісті пікірталас тудырды.
Іс-шараға университет білім алушылары, «Медициналық-профилактикалық іс» ББ 1 курс магистранттары, «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ 1 курс докторанттары және «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Шара барысында кітапхана директоры Ұлтуған Болғанбайқызын туған күнімен құттықтады.
Белсенді талқылаудан және сұрақтарға жауаптардан кейін қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты әрі мазмұнды сөз сөйлегендері үшін алғыстарын білдірді.
Әр қатысушыға м.ғ.д., профессор Попова Т.В. дөңгелек үстел тақырыбы бойынша өзінің авторлық монографиясын сыйға тартты.

