21 ақпан күні университет базасында “Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика” кафедрасы доцент Ғалымжан Тұрсынұлы Мещановтың атынан мастер-класс ұйымдастырылды.
Шеберлік сыныбына “Медицина” мамандығының магистранттары мен докторанттары қатысып, Excel бағдарламасын қолдану бойынша практикалық білім алды. МК диссертациялық зерттеулерді қорғауға тиімді дайындық мақсатында ұйымдастырылған.
Осы бағдарламаның көмегімен статистикалық деректерді өңдеу енді дамуға дайын студенттердің және біліммен бөлісуге әрқашан дайын профессорлық-оқытушылық құрамның арқасында оңайырақ болды.
Оқытушы берген тәжірибе барлығына пайдалы болды деп үміттенеміз.