ҚМУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІНЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЕРІКТІ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медициналық университеті Түркиядағы жер сілкіністерінен зардап шеккен халыққа көңіл айтады. Түркиядағы табиғи апат салдарынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында біздің “ҚДСЖМ” университетінің қызметкерлері бір күндік жалақыны аудару немесе Kaspi ресми банкінде төлемді жүзеге асыру арқылы ерікті көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
“ҚДСЖМ” ҚМУ докторанттары жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге көмектесу үшін Түркияға барды, дәл қазір құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. “ҚДСЖМ” ҚМУ апат салдарынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тілейді және еліміздің барлық бей-жай қарамайтын азаматтарын мейірімділік пен гуманизм актісін қолдауға шақырады. Сіздің көмегіңіз өте құнды және ешқашан ұмытылмайды!
Қаржылық және гуманитарлық көмек көрсеткісі келетіндерге арналған ақпарат:
1. KASPI.KZ қосымшадағы ресми шоттарға келесі қадамдарды жүзеге асыра отырып қаражат аударуға болады: ТӨЛЕМДЕР –ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – одан әрі “ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ” (қызметін Ақпарат және инфрақұрылымдық даму министрлігі үйлестіреді) немесе “AFAD ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ КӨМЕК ШОТЫ” (“Көмек науқаны” шеңберінде Түркияның Қазақстандағы елшілігі үйлестіреді) таңдаңыз. Kaspi арқылы көмек көрсету АҚДМ бастамасы бойынша іске қосылды.
2. Түркияға гуманитарлық көмекті қабылдауды “Qamqor” қоғамдық қоры Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 22 к.1 мекенжайы бойынша жүзеге асырады. Тел. 8 747 821 64 78, 8 747 540 01 40. Қабылдау уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.