ҚММА ЖҰМЫС САПАРЫ, БІШКЕК Қ.

07Ақп, 2023
ҚМУ «ҚДСЖМ» «Денсаулық сақтау экономикасы және сақтандыру медицинасы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. – Құрақбаев Құрал Құрақбайұлы ағымдағы жылдың 02 ақпаны мен 04 ақпаны аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, (ҚММА, Бішкек қ.) ұйымдастырған бірқатар іс-шараларға қатысты. Сапар барысында университеттің ректорымен, проректорларымен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесулер өтті. Академиялық ұтқырлық іс-шарасы аясында дәрістер, дөңгелек үстел, студенттермен, аспиранттармен кездесулер өткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша университетіміздің білім алушыларының ғылыми тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

