“ҚДСЖМ” ҚМУ хирургиялық аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы “Проктология” атты оқу-әдістемелік құралын шығарды. Құрастырылған оқу-әдістемелік құралда ең көп таралған колопроктологиялық патологиялар, олардың жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері туралы түсініктемелер берілген.
Оқу құралы түрлі-түсті суреттермен безендірілген, сонымен қатар жауаптары бар тесттер берілген.
Оқу құралы бакалавр студенттеріне, болашақ резидент колопроктолог хирургтарына және медициналық колледж студенттеріне арналған. Дегенмен, материал медицинаға қатысты практикалық мәселелерге қызығушылық танытатын барлық оқырмандар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Оқу басылымының авторлары:
– Жұмабеков Ә.Т. – “ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор
– Джувашев А. Б. – Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері, м.ғ.к.
– Қаныбеков А. – “ҚДСЖМ” хирургиялық аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к.
– Нуспекова Д. Т. – “Медицина” мамандығы бойынша 3-ші оқу жылының “ҚДСЖМ” ҚМУ докторанты