Бүгін “ҚДСЖМ” ҚМУ қызметкерлері мен білім алушыларына арналған “Біз денсаулық үшін!» атты флешмоб өтті.
30 минут бойы қатысушылар “ESENTAI MEDICAL GROUP” орталығының ЕДШ жаттықтырушысы, кинезиотерапевт – Абылай Сәмбетовтың жетекшілігімен түрлі жаттығулар жасады. Жаттықтырушы ұзақ отыратын жұмыс кезінде ыңғайсыздық сезінген кезде әртүрлі жерде, соның ішінде, жұмыс орнында да жасауға болатын жаттығуларды көрсетті.
Флешмоб “Салауатты университеттер” жобасы аясында өтті және әріптестерді салауатты өмір салтына шақыру мақсатында «ҚДСЖМ» ҚМУ және «ESENTAI MEDICAL GROUP» медициналық орталығымен ұйымдастырылды№
Біздің университет “Салауатты университеттер” жобасы аясында қызметкерлер мен білім алушыларды дене шынықтыру және спорт сабақтарына тартуға, денсаулықты нығайтуға бағытталған дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.