2023 жылғы 10 және 11 қаңтарда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Erasmus+қаржыландыратын “Improvement of CHILDren care teaching as a template for upgrading medical education in Central Asia” жобасы бойынша қорытынды конференция өтті.
Конференция жұмысына Италия, Германия, Польша, Португалия , Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің жоғары оқу орындарынан әріптестер қатысты.
Жоба жұмысына елімізден “ҚДСЖМ” Қазақстандық медициналық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысты.
Конференция барысында серіктес ЖОО-лар атқарылған жұмыс үшін есептер ұсынды.
Қорытынды есеппен “ҚДСЖМ” Қазақстандық медициналық университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор Тұрдалиева Ботагөз Саитқызы сөз сөйледі.
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінің уақытша ғылыми ұжымы жоба бойынша қойылған барлық міндеттерді іске асырды, атап айтқанда:
* 30 кредит (900 сағат) көлемінде “Травматология және ортопедия (балалар)” және 30 кредит (900 сағат) көлемінде “Урология және андрология (балалар)” сертификаттау курстарын әзірледі;
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінің (ЕСУВО) тізіліміне енгізілген “Балалар хирургиясы” мамандығы бойынша жаңартылған резидентура бағдарламасын әзірледі;
* жобаның нәтижелерін Global Helath халықаралық ғылыми-практикалық конгресінде ұсынды;
* 2022 жылы Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы мен балалар клиникалық ауруханасында 30 кредит (900 сағат) көлемінде “Травматология және ортопедия (балалар)” сертификаттау курсы бойынша пилоттық оқыту басталды;
* жоба аясында “ҚДСЖМ” ҚМУ тобы Польшада, Германияда және Италияда тағылымдамадан өтті.

