“ЖЕКЕ БІЛІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК” ТАҚЫРЫБЫНДА ҚР ЖОО ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 28 қаңтарында “ҚДСЖМ” ректоры Тұрдалиева Ботагөз Саитқызы “Жеке білім және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында ҚР ЖОО қауымдастығының жалпы көшпелі жиналысына қатысты.
Іс-шара Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің, жеке жоғары оқу орындарының басшылары мен құрылтайшыларының қатысуымен өтті.
Жиналыс барысында министр Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, ғылымды қаржыландыру және білім беру саласындағы басқа да өзекті мәселелер туралы айтып берді.
Previous