Циклдің атауы – Функционалдық диагностика негіздері бар балалар жасындағы амбулаториялық неврология.
Сағат саны: 4 кредит/120 акад.сағат.
Оқыту форматы: қашықтан.
Цикл құны: 75 000 тг
Күні: 30.01.2023 ж. бастап 11.02.2023 ж. дейін
Цикл мазмұны: цикл дәлелді медицина тұрғысынан балалардағы неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге және ҚР-дағы балалардағы неврологиялық ауруларды диагностикалау стандартына арналған. Осы цикл барысында ҚР-дағы нозологиялық бірліктер бойынша соңғы хаттамалар, диагностиканың халықаралық стандарттары, неврологиялық көмек көрсетудің бұйрықтары мен стандарттары, ХҚК сәйкес диагнозды шифрлау қаралатын болады.
Циклдің мақсаты: бүгінгі күні ҚР-да бар дәлелді базаға сәйкес амбулаториялық деңгейде балалардағы жүйке жүйесі аурулары бар пациенттің дұрыс бағытын таңдау, диагностика мен емдеу алгоритмін әзірлеу және білімді құрылымдау. Сондай-ақ, Функционалдық диагностика және нейрорадиологиялық зерттеулер қорытындысының стандарттары қаралатын болады.
Контингент: амбулаториялық деңгейде жұмыс істейтін неврологтар, МСАК дәрігерлері,
ПОҚ: Текебаева Латина Айжановна-балалар неврологиясы институтының директоры, м.ғ.к., «ҚДСЖМ» ҚМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті, Мукушев Асхат Алибаевич – невролог, нейрофизиолог.
Оқытуға қатысты барлық сұрақтар бойынша +7-771-780-76-76, 8-727-337-69-05 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.