28 желтоқсанда университет қызметкерлері мен білім алушылар үшін 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері департаментінің өкілі Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлының қатысуымен семинар өтті.
Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың себептері және оған ықпал ететін жағдайлар ұғымдарын ашу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тәсілдері мен нысандары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен толеранттылықты қалыптастыру туралы білім алу.
Семинар аясында Қанатбек Сәрсенбайұлы лауазымды тұлғалар тарапынан бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүргізудің, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейтудің маңыздылығы туралы айтты. Сөз барысында ол университет уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері, сондай-ақ халықаралық тәжірибе талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері универсиет басшылығының тұрақты назарында, академиялық саясатта, этикалық кодексте көрсетілген, білім алушылар мен ПОҚ тұрақты түрде анонимді сауалнама жүргізіледі, онда осы мәселелер қозғалады. Білім беру ортасы мұндай жағымсыз фактілерге нөлдік төзімділік аймағы болуы керек.
Семинарға 100-ден астам адам қатысты.