Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні (World AIDS Day) жыл сайын бүкіл әлемде 1 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шешіміне және 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес атап өтіледі.
Бұл күн АИТВ (ВИЧ) – инфекциясының таралуынан туындаған ЖИТС эпидемиясы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында құрылған. Бұл күнтізбедегі тағы бір маңызды күн ғана емес, миллиондаған адам осы айықпас аурудан қайтыс болған қайғы күні.
Ауру кезеңінде диагнозды қандағы АИТВ-ға антиденелердің болуына арналған арнайы тест көмегімен ғана анықтауға болады. АИТВ – инфекциясына емханада немесе АИТВ және В және С гепатиттерін диагностикалаумен айналысатын ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі медициналық орталықтарда жасырын және тегін тексеруге болады.
“ҚДСЖМ” ҚМУ ауруды алдын алу денсаулық үшін күресте өте маңызды екенін еске салады.
ӨЗ-ӨЗІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАҢЫЗДАР!!!
АЛДЫН-АЛА ДИАГНОСТИКА ӨМІРДІ САҚТАЙДЫ!
Next