“ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры, м.ғ.д., профессор Турдалиева Ботагоз Саитовна “Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы” ҚҚ және “Бөбек “Жалпыұлттық қозғалысы” қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігінің басшыларынан алғыс хат алды.
“Бөбек” Жалпыұлттық қозғалысы” қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми – білім беру мекемелері арасында “VI Халықаралық кітап басылымы”, “ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМДАР-2022” жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хат табыс етілді.
“Үздік жас ғалымдар – 2022” халықаралық кітап басылымы – ТМД елдерінің жас ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін дәріптеуге бағытталған бірегей жоба.
“ҚДСЖМ” ҚМУ жаңа жеңістер тілейді және біздің университеттің дамуына қосқан үлесі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді!