“ҚДСЖМ” Қазақстандық медициналық университеті 2 курс магистранты Омарова Мадина Марипжановнаны “Қазіргі заманғы ғылымды, технологияларды, білім беруді дамытудың инновациялық парадигмасы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына (01.12.2022 ж., РФ, Петрозаводск қ.) қатысуымен және ғылыми зерттеу нәтижелерін сәтті сынақтан өткізуімен құттықтайды.
Бұл іс-шараны “НОВАЯ НАУКА” халықаралық ғылыми әріптестік орталығы ұйымдастырды.
“ҚДСЖМ” ҚМУ м.ғ.д., профессор, клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Жұмабеков Әуесхан Төлегенұлына конференцияда оң бағаланған зерттеу жұмысын дайындауға көмектескені үшін алғысын айтады.
“ҚДСЖМ” ҚМУ жаңа жеңістер тілейді және біздің университеттің дамуына қосқан үлесі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді!
