2022 ж. 28 қараша мен 05 желтоқсан аралығында қоғамдық денсаулық сақтау бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердің көрме апталығы “ҚДСЖМ” ҚМУ ыңғайлы коворкинг кеңістігі бар кітапханасында өтуде.
Іс-шара аясында Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылым кафедрасының меңгерушісі А.Р. Рысқұлованың бастамасымен М.З. Сәрсенбаева, М.А. Баймуратова, Н.Н. Айтамбаева профессорлық-оқытушылық құрамы магистранттар мен докторанттарды әдебиеттермен және электрондық дерекқорлармен, университеттің білім бағдарламасы кітап қорымен таныстырды, сабақтар өткізді, сондай-ақ Wiley Online Library, PubMed жүйелерін пайдалануға үйретті.
ДДҰ-ның жаһандық денсаулығы мен ұсыныстарына арналған әдебиеттер білім алушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.