АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

14Жел, 2022
Біздің университет қызметкерлері 30-ға жуық пациентке кеңес берді.
Осы жылдың 10 желтоқсанында Алматы қаласының №4 қалалық емханасында “ҚДСЖМ” ішкі аурулар кафедрасымен бірлесіп Ашық есік күні өтті. Күні бойы жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандар консультациялық қабылдаулар өткізді. Біздің университеттен келесі мамандар кеңес берді:
– Алдашева Жанна Ахметқызы-профессор, гастроэнтеролог;
– Усербаева Гүлбану Мұратбекқызы-доцент, ревматолог;
– Есбергенова Гүлжан Майлашқызы-ассистент, эндокринолог.
