Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде 19.12. бастап 23.12.2022 ж. дейін Алматы қаласының ауруханаларының дәрігерлері үшін біліктілікті арттыру циклдері (әр циклде 20-дан астам курсант) өткізіледі. Бұл шараны Алматы қ. ҚДСБ мен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті шетелдік мамандардың қатысуымен ұйымдастырды.
1. Климов Александр – жетекші ангиохирург, эндоваскулярлық хирург, Hadassah Ein Karem Jerusalem клиникасының профессоры, Израиль ОҚКА базасында перифериялық тамырларға араласу тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізеді.
2. Доктор Оркин Дина – операциялық бөлмелер бөлімінің, анестезиология және ауырсыну бөлімшелерінің меңгерушісі, стерилизация бөлімінің меңгерушісі, үш өлшемді технологияларды қолдана отырып, пери операциялық жоспарлау орталығының басшысы, Шиба медициналық орталығы, Израиль. Ол БШМКО негізінде БА циклдарын өткізеді:
– Балалардағы операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңдегі хирургиядағы реанимация және қарқынды терапия;
– Хирургиялық араласуларға арналған анестезиологиялық көмек.
3. Оркин Борис – Израильдің профессоры. БА циклдерінің ОҚКА базасында МК өткізеді:
– Абдоминальды хирургия;
– Балалар хирургиясы.
4. Лев Гуревич- Рафаэль медициналық орталығы, Тель-Авив. Анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі, профессор ЖЖА базасында инсульт кезінде анестезиологиялық көмек – тақырыбы бойынша дәріс оқиды.


Next