Мұғалім-логопедтер мен дефектологтардың кәсіби мерекесі – «Халықаралық Логопед күні» 14 қарашада атап өтіледі. Мерекенің мақсаты –халықтың барлық әлеуметтік топтары үшін сөйлеу аппараттарының жұмысын түзетудің маңызды, қол жетімді және тиімді әдістері туралы көпшіліктің хабардарлығын арттыру.
Логопед-дефектолог тек дыбыстардың дұрыс айтылмауын түзету үшін жұмыс істейді деп сену қате. Дыбыстың айтылуын түзету айсбергтің ұшы ғана. Бүгін бұл туралы дефектолог-логопед, “ҚДСЖМ” ҚМУ қызметкері Байбулатова Анар Аскаровна толығырақ айтып береді.
Әрине, сөйлеу адамның мәдениеті деңгейінің, оның ақыл-ойының маңызды көрсеткіші болып табылады. Жақсы дамыған сөйлеу – бұл:
- мектеп жасына дейінгі бала үшін – қарым-қатынас құралы;
- оқушы үшін – мектептегі табысты оқыту құралы;
- ересек адам үшін – қазіргі қоғамдағы адамның белсенді іс-әрекетінің маңызды құралдарының бірі.
Баланың әртүрлі сөйлеу бұзылыстарына ұшырауының көптеген себептері, ол жүктілік кезінде анасында пайда болған патологиядан және босанудың асқынуынан бастап, ерте жастағы вирустық аурулар мен бас миының жарақаттарының әсеріне дейін, сонымен қатар цифрландыру ғасыры да болуы мүмкін.
Баланың ерте жасы барлық психикалық процестерді, әсіресе сөйлеуді дамытуда ең маңызды болып табылады. Сөйлеу өзінің өмірлік маңызы бойынша көп функционалды сипатқа ие. Бұл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ойлау құралы, сана, есте сақтау, ақпарат тасымалдаушысы, басқалардың мінез-құлқын басқару және адамның өзіндік мінез-құлқын реттеу құралы, яғни оның әртүрлі функционалдық мағыналарында ол сыртқы және ішкі әр түрлі формада ұсынылған. Сыртқы түрі келесі түрлермен ұсынылған: ауызша сөйлеу (монолог, диалог); жазбаша сөйлеу. Оның дамуына көптеген факторлар әсер етеді: сыртқы (экзогендік) және ішкі (эндогендік), сондай-ақ қоршаған орта жағдайлары.
Әр түрлі жастағы балалардың психикалық және сөйлеу дамуының тежелу дәрежесін бағалаумен және емдеумен мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен балалар невропатологтары, логопедтер, дефектологтар, медициналық психологтар айналысады.
Бұл жағдайда барлық компоненттердің қалыптасуы кешіктіріледі:
- ерте балалық шаққа тән дыбыстар;
- қарапайым сөйлемдерден тұратын бір буынды сөйлеу;
- сөйлеудің кедейлігі, сөздік қорының жеткіліксіздігі, нашар дикция;
- өз мәлімдемелері мен қорытындыларының логикалық негіздемесінің болмауы;
- сөз тіркестерін құру, байланыстырып сөйлеу;
- сөйлеу мәдениеті дағдыларының болмауы: интонацияны қолдана алмау, дауыс пен сөйлеу қарқынын реттеу және т. б.
Егер мектепке дейінгі ұйымда ата-аналарды білім беру-тәрбие процесіне қатысуға тарту үшін жағдайлар жасалмаса, бірде-бір, тіпті ең жақсы, дамытушы бағдарлама, егер ол отбасымен бірлесіп шешілмесе, толыққанды нәтиже бере алмайды. Баланың отбасында сәтті сөйлеу дамуының міндетті шарты оның ересектермен қарым қатынасы:
- Туылғаннан бастап баламен эмоционалды қарым-қатынас.
- Басқа балалармен қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасау.
- Ересек пен баланың бірлескен ойындары. Бала ересек адамның іс-әрекетіне еліктейді.
- Ересек адамның сөйлеуі – елкітеуге үлгі. Ересектер өз сөздерін қадағалап отыруы керек.
- Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
- Баланың қызығушылығын қанағаттандыру. Баланың сұрақтарын жауапсыз қалдырмау.
- Көркем әдебиетті оқу. Көркем әдебиет баланың сөйлеуін дамытуға және байытуға үлкен әсер етеді.
- Өлеңдерді жаттау.
- Табиғатқа бірлескен сапарлар, экскурсиялар, мұражайларға бару.
- Баланың сөйлеу кемшіліктерін уақтылы жою.
Бұл мерекеде біз таптырмас логопедтер мен дефектологтардың атына жолданған құттықтауларға қосыламыз. Оларға зор денсаулық, қажырлы еңбектерінде табыс, отбасылық жылулық және қарапайым, жарқын адами бақыт тілейміз! Мереке құтты болсын, әріптестер!