04-05 қарашада Шымкент қаласында м.ғ. д., акушер-гинеколог Талғат Анапиевич Патсаевты еске алуына арналған “АНА МЕН БАЛА 2022” өңірлік ғылыми-білім беру форумы өтті.
Форум ғылыми жетістіктермен және клиникалық тәжірибемен, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған емдеу-диагностикалық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибемен алмасу мақсатында өткізілді. Аталған іс шарада университетіміздің білім алушылары баяндама жасады:
– Мұсабекова Аида Талғатқызы – неонатолог, “Медицина” мамандығы бойынша магистранты, “Короновирусты жұқтырған аналардан туған сәбилердің денсаулық жағдайы” атты тақырыпта баяндама жасады;
– Сүйеубеков Бекзат Еркінбекұлы – “Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы” ШЖҚ МКК анестезиолог-реаниматологы, медицина магистрі, “ҚДСЖМ” ҚМУ докторанты “Жаңа туған нәрестелердегі кардиохирургиямен байланысты бүйректің жедел зақымдануының қарқынды терапиясына заманауи тәсіл” атты тақырыпта баяндама жасады.