Құрметті әріптестер! ҚДСЖМ “Қазақстан медицина университеті” ЖШС Сіздерді медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында өзара ынтымақтастыққа шақырады.
Сіздердің қызметкерлеріңізді 005 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша оқытуды ұсынамыз.
Оқуға өтінімдерді жіберулеріңізді сұраймыз: ЖШС ҚМУ “ҚДСЖМ” Алматы қ., электрондық мекен-жайы: ksph14@mail.ru
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 87717807676, 8(727)3376905, 8(727)3378029.
Біліктілікті арттыру циклдерінің атаулары қоса беріледі (1-қосымша).
Медицина қызметкерлерін бюджет қаражаты есебінен оқыта алатын ұйымдардың тізбесі қоса беріледі (2-қосымша).
Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.
1-қосымша. Орта медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру циклдерінің атауы
1 | МСАК деңгейінде экстрагенитальды патология кезінде жүктілікті жүргізу. | орта медицина қызметкері | күндізгі оқыту | 3 кредит/90 сағ. | 07.11.2022-18.11.2022 | ОҚКБ 6 емхана |
2 | Неонатологиядағы мейірбике іс. | орта медицина қызметкері | күндізгі оқыту | 5 кредит/150 сағ. | 07.11.2022-26.11.2022 | перинатология және ДХ орталығы |
3 | Гериатриядағы мейірбикелік процесс | орта медицина қызметкері | күндізгі оқыту | 2 кредит/60 сағ | 07.11.2022-14.11.2022 | ҚДСЖМ |
4 | Босану мекемелеріндегі акушерлік көмектің заманауи аспектілері. | орта медицина қызметкері | күндізгі оқыту | 4 кредит/120 сағ | 08.11.2022-23.11.2022 | ҚДСЖМ |
2-қосымша
005 РББ бойынша бюджет қаражаты есебінен медицина қызметкерлерін оқыта алатын ұйымдардың тізбесі.
1 | Мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлары |
2 | Стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары (бастапқы медициналық-санитариялық және клиникалық-диагностикалық көмекті қоса алғанда), оның ішінде: онкологиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық, туберкулезге қарсы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлер |
3 | Қан орталығы, ЖИТС орталықтары, ҰҚО, ҰҚО және оның филиалдары, РО және оның филиалдары |
4 | Мемлекеттік санаторийлер, балалар үйлері |



