Ағымдағы жылдың 13-14 қазанында Тараз қаласында Алматы декларациясының 44 жылдығына және МСАК бойынша Астана декларациясының 4 жылдығына арналған “Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялары” атты халықаралық конгресі өтті.
Конгресс медициналық және әлеуметтік қызметтердің интеграциясы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың алғашқы буыны мамандарының көпсалалы тобының қызметіндегі жаңа тәсілдер шешім қабылдауға тірек бола алатындығын және халыққа, отбасына және әрбір жеке пациентке МСАК медициналық ұйымы деңгейінде медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шара ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының, ҚР ДСМ мемлекеттік кәсіпорындарының, Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық сақтандыру қорының, медициналық университеттер мен медициналық колледждердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің, сондай-ақ ТМД және еуропа елдерінің шетелдік сарапшыларының қатысуымен өтті.
Халықаралық конгресс жұмысына “ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор – Жұмабеков Әуесхан Төлегенұлы қатысты.