Құрметті әріптестер және білім алушылар! Мемлекет басшысының арқасында биыл күнтізбеге енгізілген ұлттық мейрамымызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Республика күні құтты болсын!
Бұл әрқайсымыз үшін маңызды күн! Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.
Біздің елімізде білім мен ғылымның дамуы жалғасуда.
Осы орайда, біз “ҚДСЖМ” ҚМУ жас ғалымдарды оқыту және тәрбиелеу, медицина саласында жетекші мамандарды даярлау саласында қажырлы еңбек ететінін мақтанышпен хабарлаймыз. Біз білім мен медицинаның, ғылым мен практикалық денсаулық сақтаудың өзара іс-қимылын нығайтуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз!
Қазақстан Республикасының экономикасы өркендеп, білімі мен ғылымы дами берсін!
Бейбітшілік пен өзара түсіністік мемлекетіміздің одан әрі дамуына, әрбір отбасында байлықтың қалыптасуына ықпал етсін!
Елде тәртіп, жан дүниесінде тыныштық пен қуаныш болсын!
Құрметпен, “ҚДСЖМ ” ҚМУ ұжымы