Құрметті әріптестер! ҚДСЖМ “Қазақстан медицина университеті” ЖШС Сіздерді медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында өзара ынтымақтастыққа шақырады.
Сіздердің қызметкерлеріңізді 005 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша оқытуды ұсынамыз.
Оқуға өтінімдерді жіберулеріңізді сұраймыз:
ЖШС ҚМУ “ҚДСЖМ” Алматы қ., электрондық мекен-жайы: ksph14@mail.ru
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 87717807676, 8(727)3376905, 8(727)3378029.
Біліктілікті арттыру циклдерінің атаулары қоса беріледі (1-қосымша).
Медицина қызметкерлерін бюджет қаражаты есебінен оқыта алатын ұйымдардың тізбесі қоса беріледі (2-қосымша).
Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.
1-қосымша
Орта медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру циклдерінің атауы
№ | Циклдерінің атауы | Білім алушылар контингенті | Оқыту форматы | Кредиттер саны / акад.сағат | Оқыту мерзімі | Клиникалық базалар |
1 | Инфекциялық қауіпсіздік және алдын алу. | Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының деңгейі: жоғары (10 жылдан 20 жылға дейін) деңгей. | офлайн | 2 кредит/60 сағ. | 03-08.10.2022 | «ҚДСЖМ» ҚМУ Алматы қ. |
2-қосымша
005 РББ бойынша бюджет қаражаты есебінен медицина қызметкерлерін оқыта алатын ұйымдардың тізбесі.
1 | Мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлары |
2 | Стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары (бастапқы медициналық-санитариялық және клиникалық-диагностикалық көмекті қоса алғанда), оның ішінде: онкологиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық, туберкулезге қарсы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлер |
3 | Қан орталығы, ЖИТС орталықтары, ҰҚО, ҰҚО және оның филиалдары, РО және оның филиалдары |
4 | Мемлекеттік санаторийлер, балалар үйлері |
