Құрметті мүдделі тұлғалар! “ҚДСЖМ” ҚМУ біліктілікті арттыру циклына тыңдаушыларды қабылдау жүргізетінін хабарлайды.
Цикл атауы: «Нутрициология мен диетологияның заманауи аспектілері»
Сағат/кредит саны: 4 кредит/ 120 акад.сағат
1 тыңдаушыға бағасы (ҚҚС-сыз) теңгемен: қашықтықтан-75 000 тг
Оқытушылар:
Чуенбекова Ардак Байбараковна – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Кайнарбаева Майгуль Сейдуллаевна – «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, кафедра доценті, медицина ғылымдарының кандидаты.
Қысқаша мазмұны: Тыңдаушыларда жаңа теориялық білімдерді қалыптастыру және заманауи талаптарға сәйкес ұтымды, дұрыс, диеталық және емдік тамақтану мәселелері бойынша кәсіби біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Нутрициология бағытын зерделеу кезінде теңгерімді тамақтануды құрудың негізгі қағидаттары, микронутриенттік жеткіліксіздік, «жасырын аштық», адамның тағамдық мәртебесін бағалау әдістері, тамақ өнімдерінің негізгі топтарының тағамдық және биологиялық құндылықтары және т. б. мәселелер қамтылатын болады.
Диетология бағытын зерделеу кезінде емдік тамақтанудың өзекті мәселелері, түрлі аурулар кезінде емдік диеталарды құру қағидаттары, сондай-ақ клиникалық тамақтанудың заманауи трендтері қаралатын болады.