«Медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру»
«ҚДСЖМ» ҚМУ құрылғанының 25 жылдығына және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ҚР ДСМ арасында келісімге қол қоюға арналған «GLOBAL HEALTH» халықаралық конгресі шеңберінде
Алматы қ., 2022 жылғы 23 қыркүйек
Білім және ғылым ұйымдарының денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы сын-қатерлеріне жауап беруге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау ісіндегі маңыздылығы мен жоғары миссиясын сезіне отырып, конференцияға қатысушылар осы шешімді қабылдайды.
Конференцияда айтылған баяндамаларды тыңдап және талқылай отырып, қатысушылар-отандық және шетелдік ТжКБ ұйымдарының, білім беру саласындағы аккредиттеуші ЖОО-ның өкілдері мынадай шешімдер шығарады:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін тұрақты жетілдіру үшін: жоғары оқу орындары арасындағы интеграцияның, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығының, халықаралық қатынастарды кеңейтудің, әріптес жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметі саласында бірлескен зерттеулер жүргізудің; бірлескен кәсіпорындарға, конференцияларға және халықаралық көрмелерге қатысудың: ғылыми еңбектер жинақтарын дайындау процесінде өзара іс – қимылдың,сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың монографиялар, мақалалар және т.б. бірлескен академиялық жобаларды жүзеге асыру.
2. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарында ESG стандарттарына негізделген ішкі сапа жүйесі және аккредиттеуші органдардың институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының орындалуын тұрақты қолдау жолымен сыртқы сапа жүйесі құрылуы тиіс.
3. Білім алушыларды, медицина қызметкерлерінің білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін жаңартуға ынталандыратын және оларды оқу материалын өз бетінше игеруге және қосымша ақпараттық ресурстарды іздеуге бағыттайтын оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін әзірлеу және енгізу қажет.
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің заманауи ББ әзірлеу үшін жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимыл (дөңгелек үстелдер, жұмыс берушілердің кеңестері), кәсіби стандарттар қажет.
5. Қазақстан Республикасында дипломнан кейінгі білім беру орталықтары, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды кәсіптік қайта даярлау факультеттері, үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік орталықтар, біліктілікті арттыру ұйымдары, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердегі жекелеген кафедралар ұсынатын қосымша кәсіптік білім беру жүйесі қалыптастырылған.
6. Қосымша кәсіптік білім беру қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім мен дағдылардың қосымша көлемін алу үшін өмір бойы білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ересектерді оқыту үшін тиісті тиімді әдістерді қолдану қажет.
7. Қазіргі уақытта қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер бар, бірақ олар аталған қызметтің мәнін толық ашудан алыс және көбінесе қарама-қайшы нормаларды қамтуы мүмкін. Біздің ойымызша, осы білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарды нақтылау қажет.
8. Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлау денсаулық сақтаудың алға қойған практикалық міндеттеріне, оның ішінде тиімділікті арттыруға, институционалдық өзгерістерге, кадрлық әлеуетті дамытуға, сапалы медициналық қызмет көрсетуге тікелей байланысты. Қойылған міндеттерді шешу жұмыс берушілердің-мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының білім беру процесіне тікелей қатысуын талап етеді.

