Құрметті әріптестер, білім алушылар және барлық мүдделі тұлғалар!
“ҚДСЖМ” ҚМУ Сіздерді Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай арналған іс-шараларға қатысуға шақырады.
Мереке аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:
- Ұжым мен білім алушылардың қатысуымен салтанатты жиналыс (20.10.2022 ж.);
- Университет білім алушылары арасында “Менің арманымдағы Қазақстан” эссе байқауы (қазан 2022ж.);
- Оқу топтарындағы кураторлық сағаттар (қазан 2022ж.);
- “Республика күні-Тәуелсіздікке алғашқы қадам” атты қазақ және орыс тілдеріндегі кітап-иллюстрациялық көрме (қазан 2022ж.);
- Жоғары оқу орнының пікірсайыс турнирі (қазан 2022ж.);
- «Отан неден басталады….» эко-акциясы (22.10.2022);
- “ҚДСЖМ” ҚМУ профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жетістіктерінің виртуалды көрмесі өтеді (қазан 2022ж.).
Сіздерді Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19 а мекенжайы бойынша күтеміз
Конт.тел: 8 778 944 93 11