Екі күн бойы, 2022 жылдың 7-8 қыркүйегінде Атырау қаласының барлық тұрғындары үшін “PARK HEALTH WEST” медициналық клиникасының қабырғасында Алматы қаласындағы Қазақстан медицина университетінің профессорлық құрамының қатысуымен Ашық есік күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында медицина қызметкерлері үшін білімді жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында медициналық көмектің сапасын арттыру мен дамытудың өзекті мәселелері бойынша мастер-класс, емханаға тіркелген азаматтар үшін хирург, балалар невропотологы, онколог, акушер бейінді бағыттары бойынша тегін консультациялар өткізілді.
Өз баяндамаларымен м.ғ.к., акушер-гинеколог – Наханова Ж.К; доцент, м.ғ.к., балалар дәрігер-невропатологы (невролог), эпилептолог – Текебаева Л.А.; жоғары санатты дәрігер, профессор, м.ғ.д. – Толеутайулы К. сөз сөйледі.
Previous