“ҚДСЖМ” ҚМУ ЛЮБЛИНДЕГІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (WSEI) ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

2022 жылдың 24 қыркүйегінде “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетіне Люблиндегі экономика және инновациялар университетінің (WSEI) делегациясы, ректор Mirosław J. Jarosz және Люблиндегі экономика және инновациялар университетінің (WSEI) әкімшілік және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Janusz Gudowski келді. WSEI университетімен “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті “денсаулық сақтау менеджменті”мамандығы бойынша екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асырады. Серіктес университеттен келген қонақтарға университет бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша білім, ғылым және практика саласында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.