Алматы қ. 23.09.2022 ж.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ҚР ДСМ арасындағы келісім және «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» Қазақстандық медициналық университеттің (бұдан әрі – “ҚДСЖМ” ҚМУ) құрылғанына 25 жыл толуы аясында өткен “Global Health” Халықаралық конгресінде 400-ден астам қатысушы жиналды. Іс-шараның ұйымдастырушысы ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен “ҚДСЖМ” ҚМУ болып табылады.
Іс-шара ДДҰ, Қазақстан Республикасы Сенатының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ҚХР консулының, Қазақстан Республикасының медициналық университеттерінің, практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдерінің, сондай-ақ алыс және жақын шетелдің жетекші сарапшыларының қатысуымен өтті.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде құрметті қонақтар мен жетекші сарапшылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және Ғылым комитеті төрағасының орынбасары А.Ш. Әлназарова құттықтау сөз сөйлеп, конгреске қатысушыларды құттықтап, университетті салтанатты күнмен құттықтап, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді атап өтті.
Одан әрі Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпова өз сөзінде Алматы қаласының азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелеріндегі жетістіктері туралы, қалалық инфрақұрылымдарды дамытуды мегополисте жаңа медициналық ұйымдар ашу жоспарлары туралы айтты. Алматы халықаралық тәжірибені, атап айтқанда ДДҰ-ның “Салауатты қалалар” жобасын пайдалануда алғашқылардың бірі болып табылатынын ерекше атап өтті. Алматының “Салауатты қалалар” бағдарламасының кезеңіне қосылуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Өз сөзінде “ҚДСЖМ” ҚМУ Ректоры Б.С.Турдалиева Конгресс қатысушыларына университеттің соңғы жетістіктері мен алдағы даму жоспарларын таныстырды. Медицинаның жаңа салаларының дамуымен, медициналық көмек технологияларын жетілдірумен және басқа да факторлармен Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау жүйесін трансформациялаудың өткір қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.
“Global Health” халықаралық конгресі аясында М.К.Құлжановтың төрағалығымен өткен пленарлық отырыста Сovid-19 пандемиясынан алынған сабақтарға сүйене отырып, халыққа медициналық-әлеуметтік көмекті жетілдіру мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Еуропалық кеңсенің басшысы; тамақтану, дене белсенділігі және семіздік жөніндегі бағдарламаның басшысы – Joao da Silva Breda қатысушыларды медициналық қызмет көрсету сапасының негізгі проблемалары туралы хабардар етті және ДДҰ-ның медициналық көмек сапасын арттырудың өзекті мәселелерін шешудегі тәжірибесімен бөлісті.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Ж.А. Калмакова өз сөзінде елімізде жұқпалы емес аурулардың алдын алу халықтың денсаулығын қорғау саясатының бағыттарының бірі болып табылатынын, бұл мемлекеттік заңнамалық құжаттарда көрініс тапқанын атап өтті.
Конгресс бағдарламасы “Global Health: Қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық көмек сапасын дамыту перспективалары”; “Клиникалық медицина: басымдықтар мен перспективалар”; “Фармация саласында Қазақстан мен шет елдердің интеграциясы”; “Клиникалық және зертханалық медицина интеграциясы”; “Медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру” сияқты 5 өзекті бағытты қамтыды.
Айта кету керек, тақырыптық конференциялар интерактивті режимде өтіп, Қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелерінің практикалық шешімдерін әзірлеу бойынша пікірталас алаңына айналды. Ұйымдастырушылар, іс-шараға қатысушылар медициналық қауымдастықтан көптеген оң пікірлер алды және көптеген медициналық ұйымдардың өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатты және одан әрі өзара іс-қимыл жолдарын анықтады.



