“ҚДСЖМ” ҚМУ құрылуының 25 жылдығы шеңберінде 2022 жылғы 22-23 қыркүйектегі іс-шаралар:
22.09.2022 ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы ХАНС КЛЮГЕ іс-сапары.
Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері, университет профессорлары мен оқытушылары, түлектер, магистранттар, докторанттар қатысады.
Өтетін күні мен орны: 22 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін. “ҚДСЖМ” ҚМУ, мекен-жайы: Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19 А, 5 қабат, конференц-зал.
23.09.2022 ж. “Global Health” Халықаралық Конгресі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, медициналық университеттердің, ҚР практикалық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, сондай-ақ алыс және жақын шетелдің жетекші сарапшылары қатысады.
Өтетін күні мен орны: 23 қыркүйек сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін. Royal Tulip қонақ үйінде, мекен-жайы: Алматы қаласы, Оспанов көшесі 401
Сайттағы толық ақпарат: https://ksph.edu.kz/en