15 тамыз – КТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде магистратураға құжаттарды қабылдаудың соңғы күні.
Магистратураға үміткерлер назарына, бүгін, 15 тамыз – кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде денсаулық сақтау саласындағы магистратураға құжаттарды қабылдаудың соңғы күні.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды.
Қабылдау комиссиясына өтініш жіберу үшін санаулы минуттар қалды. Сіздерді біздің магистратура бағдарламаларымызда күтеміз!
Сондай-ақ, ақылы бөлімге құжаттарды тапсыру мерзімі әртүрлі екенін атап өтеміз.
«ҚДСЖМ» ҚМУ 2022 жылғы 26 тамызға дейінгі мерзімде ақылы негізде оқуға түсетін тұлғалар үшін құжаттарды қабылдауды жалғастыруда.
Біздің байланыс номеріміз: “ҚДСЖМ” ҚМУ жоғары оқу орны білім департаменті. тел: +7727 337 80 18 (вн. 103), +7771 780 76 67
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Өтепов көшесі 19а, 1 қабат, 100 кабинет.