“ҚР ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ” АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ағымдағы жылдың 26 тамызында “ҚДСЖМ” ҚМУ білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры, м.ғ.к. A.A. Кауышева Нұр-сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының 90 жылдығына арналған “Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық көмек қызметінің өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Қалалық медициналық көмек көрсету станциясы тарихы, дәстүрі және жетістіктері бар елорданың ең көне медициналық ұйымдарының бірі болып табылады.
Елордалық жедел жәрдем станциясы медициналық қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізілді: “жасыл бағдаршам”, Smart help (“қолжетімді аула”), халықтан түскен өтінімдерді өңдеуді жеделдету үшін Telegram желісіндегі чат бот және басқа да бірқатар жаңа енгізілімдер.
Конференцияға еліміздің өңірлеріндегі жедел медициналық көмек қызметтерінің басшылары, Нұр-сұлтан қаласының медициналық ұйымдарының басшылары, денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлері қатысты. Конференцияның спикерлері шұғыл медициналық көмек, медициналық білім беру, корпоративтік басқару, денсаулық сақтаудағы менеджмент, Ұлттық аккредиттеу, денсаулық сақтаудағы МЖӘ саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болды. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу бойынша қызықты баяндамамен Аккредиттеу орталығының төрайымы Б. Т. Каупбаева сөз сөйледі.
Конференция аясында шұғыл көмек көрсету бойынша мастер-класс және медициналық жабдықтар көрмесі өтті.
Проректор А.А. Кауышева баяндамамен сөз сөйлеп, қатысушылармен біздің университетіміздің жетістіктері, “ҚДСЖМ” ҚМУ Денсаулық сақтау мамандарын, жаңа формация менеджерлерін даярлаудағы заманауи білімі мен тәжірибесінің алдында тұрған проблемалар туралы ақпаратпен бөлісті. Баяндама спикерге үлкен қызығушылық пен көптеген сұрақтар туғызды.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық және қиын, бірақ маңызды және қажетті істе сәттілік тілейміз!