«ҚДСЖМ» ҚМУ Польшада «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және экономика» бағыты бойынша оқудан өту мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Оқыту медициналық ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары, экономистер, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін жүргізіледі.
Қысқаша мазмұны: Польша мен ЕО кейбір елдеріндегі денсаулық сақтау саясаты және жүйені ұйымдастыру. Аурухананы басқару. Басшының өкілеттігі. Қызметтер аутсорсингі. Тәжірибедегі өзгерістерді басқару: басқарудағы жеңілістер/сәтсіздіктер көздері. Менеджердің құзыреті. Денсаулық сақтау ұйымдарында топ-менеджерлерді басқару және іріктеу. Ұжымдағы жанжалдарды шешу. Аурухананы басқарудағы ақпараттық жүйелер. Қызмет көрсеткіштерін есепке алу және талдау. Медициналық субъектілердегі бақылау. Адам Ресурстарын Басқару. Қаржы құралдарын басқару жүйесін қаржыландыру. Халық Денсаулық қорымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Оқу ұзақтығы: 2 апта / 72 ЗЕ (сынақ бірлігі).
Өткізу кезеңі: келісім бойынша (топтардың қалыптасуына қарай).
Шетелде оқуға қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: +7-771-780-76-76, +7-701-462-90-91, 8-727-337-69-05.