2022 жылғы 24 тамызда Нұр-сұлтан қаласында “АДАМИ КАПИТАЛ-ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ РЕСУРСЫ” 2022 – ғылым және жоғары білім форумының 1-ші күні өтті.
Форум аясында жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары мен ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің қатысуымен маңызды оқиға, яғни “Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі: қайта құру нүктелері” форсайт – сессиясы болды. Форсайт –болашақты модельдеу негізінде болжам жасауды көздейтін болжамды құрал. Іс-шараның міндеті – құндылық мағыналарының, дүниетанымдық ұстанымдардың мақсаттары мен сенімділігін болжау.
“ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры – Турдалиева Ботагоз Саитовна сарапшылар диалогына, пікір алмасуға белсенді қатысты. Іс-шара форсайт режиміндегі ұжымдық және топтық зияткерлік өзара іс-қимыл форматында өтті.