Бүгін “ҚДСЖМ” ҚМУ оқуға түскен магистранттар мен докторанттар үшін таныстыру түрінде ұймдастырылған кездесу өткізді.
Кездесу аясында университет бойынша тур, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Жаңа Конституция – елді дамыту жолындағы саяси жаңғырту” дөңгелек үстел және кітап көрмесі ұйымдастырылды, презентация ұсынылды.
Іс-шараны “ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры – Ботагоз Саитовна Турдалиеваның алғы сөзімен басталды. Өз сөзінде ол «ҚДСЖМ» ҚМУ білім беру мен жас ғалымдарды тәрбиелеу, медициналық салада қажетті жетекші мамандарды даярлау ісінде аянбай еңбек етіп келеді. Қазіргі бәсекелестік жағдайында, ғылыми жұмыстардың жүйелік жолға қойылуы, жас ғалымдардың белсенділігі – Университеттің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылатының атап өтті.
Кездесу барысында білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректор А. А.Кауышева, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры А. Н. Қасымбекова және ғылым және консалтинг департаментінің директоры И. К. Карибаева “ҚДСЖМ” ҚМУ ғылыми-білім беру қызметі, оқу процесі және университеттің ерекшеліктері туралы толықтай айтып берді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Previous