2022 жылдың 22-27 тамыз аралығында «ҚДСЖМ» КМУ-де 2 кредит/60 акад. сағат көлемінде “Тиісті дәріханалық тәжірибе (GPP)” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклы өткізілетін болады.
Оқыту процесінде тек GPP стандарты ғана емес, сонымен қатар тиісті дәріханалық тәжірибені енгізуге және қолдауға байланысты барлық НҚА-лар зерделенеді, сондай-ақ GPP Стандартының барлық бөлімдері бойынша тәжірибелік кеңестер мен мысалдар беріледі.
Сабақты «ҚДСЖМ» ҚМУ проректоры, фарм.ғ.к., үлкен ғылыми-педагогикалық және практикалық, оның ішінде инспекциялауды жүргізу, сапа жүйесін енгізу, ішкі құжаттарды әзірлеу және т. б. бойынша жұмыс тәжірибесі бар Степкина Е.Л. жүргізеді.
Сіздердің өтініштеріңізді мына телефон арқылы күтеміз: +7-771-780-76-76 «ҚДСЖМ» ҚМУ қосымша кәсіби білім беру департаменті)