02 маусым күні Қазақ ұлттық медицина университетінде С. Асфендиярова түлектерінің съезі өтті. Салтанатты шара аясында “ҚДСЖМ” ҚМУ «Денсаулық сақтау экономикасы және сақтандыру медицинасы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, м. ғ. д. – Құрал Құрақбайұлы Құрақбаев Қазақ ұлттық медицина универитетінің даңқын республикалық және халықаралық деңгейге танытуға, еліміздің денсаулық саласын, медициналық ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін «УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ» медалімен марапатталды.
Құрметті Құрал Құрақбайұлы, «ҚДСЖМ» ҚМУ сізді марапатпен құттықтайды және сізге табыс пен алдағы жеңістер тілейді!