2022 жылғы 15 шілде күні «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық Медицина Университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина» және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты жиынды «ҚДСЖМ» ҚМУ ректоры, PhD докторы Әуезова Ардақ Мұхамеджанқызы құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты шара қоштасу сөздерімен және табысты мансаптық өсу мен амандық тілеумен ұласты.
Университеттің оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Кауышева А.А., даму жөніндегі проректор Степкина Е.Л. және «Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Рысқұлова А.Р. түлектерді құттықтай отырып, дипломдарды табыстады.
Магистранттар атынан өздерінің ыстық лебізін «Алматы клиникалар қауымдастығы» ЖЖ және ЗТБ атқарушы директоры Дүйсенов Расул Серікұлы білдірді және универститеттің шақырылған профессоры, PhD докторы Конрад Юшкевич сөз сөйледі.
Құрметті түлектер!
«ҚДСЖМ» ҚМУ сіздерді магистратураны аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтайды, әрі қарай ғылыми қызметте табыс, жаңа ашылымдар, шабыт және өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер тілейміз. Кез келген шыңды оңай бағындырып, жоспарларыңыз жүзеге аса берсін.