«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінің жаңа ректоры болып Ботагөз Саитқызы Турдалиева тағайындалды.
Ботагөз Саитқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПМА академигі, денсаулық сақтаудың ұйымдастырушы-дәрігері.
Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын неонатолог-реаниматолог болып бастады. Әр жылдары басшылық қызметтер атқарған:
– Қоғамдық денсаулық сақтау институтының директоры, доцент, профессор және «Саясат және денсаулық сақтауды басқару» кафедрасының меңгерушісі;
– «Countrywide Integrated Non-communicable Diseases Intervention/WHO» Халықаралық бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі;
- «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры;
- Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ғылыми-инновациялық қызмет және стратегиялық даму жөніндегі проректоры.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚДСЖМ» ҚМУ ректорының кеңесшісі қызметін атқарды.