2022 жылдың маусым айында Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі базасында медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының орынбасарлары үшін «Мейіргер ісіндегі менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтті.
Тәжірибелік сабақтар көпсалалы аурухана базаларында Х.Ж. Мақажанов және №5 қалалық емханасында өтті.
Оқытуды “ҚДСЖМ” ҚМУ “Денсаулық сақтау экономикасы және сақтандыру медицинасы” кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. – Құрал Құрақбайұлы Құрақбаев және денсаулық туралы ғ.д., Польшаның елдік сарапшысы, доктор Гражин Войчик жүргізді.
“Мейіргер ісіндегі менеджмент” циклінің мақсаты: тыңдаушыларды мейіргер ісін ұйымдастырудың заманауи қағидаттарымен таныстыру, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық ұйымдардың мейіргер қызметін басқару дағдыларын қалыптастыру.