«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» республикалық байқауының жеңімпаздары
Шілде айының 8-күні Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік сарайында «BILIM ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты республикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына отандық ғалымдар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған, сондай-ақ тағылымды өмір жолдары республикалық энциклопедияға енген «ҚДСЖМ» ҚМУ профессорлық-оқытушылар құрамын құттықтаймыз:
- Құрақбаев Құрал Құралбаевич – «Денсаулық сақтаудағы экономика және медициналық сақтандыру» кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д;
- Камалиев Максут Адильханович – «Денсаулық сақтау саласының менеджменті» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д, профессор;
- Рыскулова Алма-Гуль Рахимовна – «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., доцент, асс. профессор, ХИА академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері;
- Баймуратова Майраш Аушатовна – м.ғ.к., доцент, “Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының профессоры.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Iз қалдырып, соңынан еріп, iзiн басып келе жатқан шәкірттеріңізге жолдарыңызды берсін!