Мария Вадимовна Шкунова мен Диана Омарқызы Кенжебаева –”Мемлекеттік реттеуді трансформациялау аясында еңбекті қорғаудың ғылыми парадигмасы” ғылыми форумы аясында магистранттар мен докторанттар арасында өткен “Үздік ғылыми жұмыс” байқауында 2 және 3 жүлделі орындарға ие болған лауреаттарды құттықтаймыз. Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.
Осы конкурс аясында “Үздік ғылыми жұмыс” қатысушыларын сапалы дайындағаны үшін ғылыми жетекшілері «ҚДСЖМ» ҚМУ «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., асс.проф. Алма-Гуль Рахимовна Рыскуловаға және «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, м.ғ.к., асс.проф., Майраш Аушатовна Баймуратоваға алғыс хаттар табысталды.
«ҚДСЖМ» ҚМУ сіздерді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар, ғылыми ойлар мен жоспарларды іске асыруды тілейді! Біздің Университеттің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!


