Осы жылдың 20-25 маусымы аралығында №3 қалалық емханада Қызылорда қаласында “Қаржы менеджменті: медициналық қызметтерге ақы төлеудің және МӘМС жағдайында шығындарды басқарудың өзекті мәселелері” тақырыбында біліктілікті арттыру циклы өтті.
Оқытуды “ҚДСЖМ” ҚМУ “Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика” кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ. д. – Құрал Құрақбаевич Құрақбаев жүргізді.
Бағдарламаның мақсаты: медициналық ұйымдар басшыларының бюджетті құру және басқару; денсаулық сақтау шығындарының барлық түрлерін жоспарлау білімдері мен дағдыларын кеңейту; денсаулық сақтау ресурстарын басқаруға және халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруға кешенді көзқарасты үйрету.