2022 жылдың 16 маусымында «ҚДСЖМ» ҚМУ 70-тен астам қызметкерінің қатысуымен кеңседен тыс корпоративтік тимбилдинг өткізді. Бұл жолы іс-шара Медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге арналды.
Ынтымақты команданың демалысы Алмарасан шатқалында өтті, ал тимбилдингті кәсіби жүргізуші, танымал актер – Азамат Әшімов өткізді.
Тимбилдинг екі бөлімнен тұрды. Бірінші, ойындармен жарысатын бөлім ұжымды біріктіруге арналды. Іс-шараның екінші бөлімі банкет форматында өтті және университет басшылығының музыкалық құттықтауынан басталды: А.М. Әуезова, Б.С. Турдалиева, А.А. Кауышева, Е.Л. Степкина, А.Т. Джумабеков, Ф.А. Кадирбекова.
Іс-шара барысында “ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры Ардақ Мұханбетжанқызы “Университеттің үздік қызметкері” байқауының жеңімпаздарын I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Мұндай іс-шараларды өткізу корпоративтік мәдениетті дамытуға, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға оң әсер ететіні сөзсіз. Ашық ойындар, керемет табиғат, дәмді тамақ, ойын-сауық және басқа да көптеген қызықты сәттер командалық рухты күшейтеді!
“ҚДСЖМ” ҚМУ ынтымақты, әрі командасы бір толқында болды және көптеген жағымды эмоцияларға ие болды!