2022 жылдың 8 маусымында “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінің басшылығы мен қызметкерлері «III Kazakhstan Healthcare Forum 2022» медициналық форумына қатысты. Форумға 200-ден астам медициналық мекемелердің басшылары, фармкомпаниялардың өкілдері, медицина саласындағы сарапшылар және Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының стейкхолдерлері қатысты. Форумның басты тақырыптары денсаулық сақтау саласының Салалық саясаты мен медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілік мәселелері болды: стратегиялық зерттеулер/білім беру сессиялары/әлемдік тәжірибе; Қазақстан денсаулық сақтау саласы үшін “өзекті тақырыптар”; индустрияның “аурулары” (осы жерде және қазір); үздік тәжірибе (Best Practice).
Барлық медициналық қауымдастық үшін маңызды шараны ұйымдастырғаны және қатысуға шақырғаны үшін Kazakhstan Growth Forum алғысымызды білдіреміз!