23-28 мамыр аралығында Қарағанды қаласында Облыстық перинаталдық орталық қабырғасында Қазақстан мен РФ неонатология бойынша екі мектептің қатысуымен “Неонатологиядағы тиімді технологиялар” атты халықаралық мастер-класс өтті. Оқытуды Жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі анестезиолог-реаниматологы, м. ғ. к. Светлана Владимировна Ионушене жүргізді. Бұл мастер-класс осы жылы біздің Президент жариялаған бала жылына арналды. МК барысында қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру және озық тәжірибелерімен алмасу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған неонатологиядағы ең тиімді технологиялар ұсынылды. Пікірталас барысында екі елдің мектептері бір-бірімен тығыз байланысты екені анық болды. МК-ға Қарағанды облысынан 30-ға жуық маман қатысты.