“Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерінің теңгерімі” дөңгелек үстелі өтті
2022 жылдың 02 маусымында “ҚДСЖМ” ҚМУ даму жөніндегі проректоры Е.Л.Степкина “Нархоз университеті”, профессор А.С.Жаппарова ұйымдастырған “Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерінің теңгерімі” дөңгелек үстеліне қатысты және медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелде медициналық құқықтың мәселелері, оларды шешудің ықтимал жолдары айтылды, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерінің теңгерімін әзірлеу және сақтау қажеттілігі туралы қатысушылар арасында белсенді диалог болды.
Осы іс-шараның қорытындысында білім берудің барлық деңгейлерінің білім беру бағдарламаларына, оның ішінде медицина қызметкерлеріне қосымша кәсіптік білім беруге, медициналық құқық бойынша модульдерді/пәндерді белсенді енгізу, медицина қызметкерлері мен пациенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ осы бағыт бойынша адвокаттар пулын қалыптастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.