Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылғы 18 мамырда жарияланған “Жас ғалым” жобасы бойынша Жас ғалым – постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты 2022 жылғы 30 маусымға дейін (қоса алғанда) ұзартқаны туралы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, байқаудың мақсаты – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымға дарынды жастарды тарту және бекіту, жас зерттеушілердің үлесін арттыру.
2022-2024 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы – 10,45 млрд. теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2022 жылға – 1,67 млрд теңге, 2023 жылға – 4,38 млрд теңге, 2024 жылға – 4,4 млрд теңге.
Іске асыру мерзімі 28 ай болатын 1 (бір) жобаны қаржыландыру 19 млн теңгеден аспайды, оның ішінде: 2022 жылға – 3 млн теңгеден аспайды; 2023 жылға – 8 млн теңгеден аспайды; 2024 жылға – 8 млн теңгеден аспайды.
Грант ғылыми консультанттың қатысуымен постдокторанттың жеке зерттеу жұмысы үшін көзделеді.
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу мәселелері бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ Ғылым және консалтинг департаментінің директоры – Карибаева Индира Казбековнаға хабарласуға болады. Тел.+7 777 823 8585, e-mail karibayeva.ik@gmail.com