13 маусымда “ҚДСЖМ” ҚМУ-де университет қызметінің мәселелері бойынша қызметкерлердің жұмыс кеңесі өтті. Кеңес қорытындысы бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры Ауезова Ардақ Мұханбетжанқызы м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, “Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының меңгерушісі Алма-Гүль Рахымқызы Рысқұлованы ХАА алтын мерейтойлық медалін алуымен құттықтады.
Алма-Гүль Рахымқызы академияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы Төралқасының шешімімен мерейтойлық алтын медальмен марапатталды.
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) құрамында тек қазақстандық ғалымдар ғана емес, жақын және алыс шетел өкілдері де жұмыс істейді. Бұл Қазақстандағы және өз елдеріндегі ақпараттандыру процестерінің дамуына жан-жақты ықпал ететін мамандар.
Құрметті Алма-Гуль Рахымқызы, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Әрқашан жүйеде және ғылыммен жақсы қарым-қатынаста болыңыз!

